Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне берік қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады. Лабан оған тіл қатып:— Сен туысым болғандықтан маған тегін қызмет етуге тиіссің бе? Жоқ, қызметің үшін менен не қалайсың, соны айтшы, — деді. Бір жұма бойы үйлену тойын осы қалыңдығыңмен өткіз, содан кейін мен саған кішісін де беремін. Ол үшін тағы да жеті жыл қызмет етесің, — деген шешімін айтты. Сол жерде Бихридің ұрпағы Шеба есімді қара ниетті бір буняминдік адам болды. Шеба бүкіл Солтүстік Исраилде керней тартып былай деп жариялады:«Дәуітке біздің еш қатысымыз жоқ,Есейдің ұлында еш үлесіміз жоқ!Мекендеріңе қайтыңдар, исраилдіктер!» Бүкіл Исраилдің өкілдері патшаның өздеріне құлақ түрмегенін көргенде, оған қарсы айқайлап былай деді:— Дәуітке біздің қатысымыз жоқ,Есейдің ұлында еш үлесіміз жоқ!Мекендеріңе қайтыңдар, исраилдіктер!Дәуіт, өз үйіңе-ақ билік ете бер!Содан олар мекендеріне қайтып кетпек болды.
Выбор основного перевода