Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Соның басында тұрған Жаратқан Ие аян беріп былай деді: «Мен Жаратқан Иемін, атаң Ыбырайым мен әкең Ысқақтың сиынатын Құдайымын. Сен ұйықтап жатқан жерді саған және ұрпақтарыңа беремін. Ертеңіне Жақып ерте тұрып, басына жастанған тасты ескерткіш ретінде тұрғызды. Ол соның үстіне май құйып, оны Құдайға бағыштады. Осы жерге Жақып Бетел (яғни «Құдайдың үйі») деген ат қойды; бұрын ол Лұз деп аталған еді. Содан Жақып ант етіп былай деп уәде берді: «Егер Құдай маған жар болып, осы сапарымда аман сақтаса, жейтін нан, киетін киіммен қамтамасыз етіп, әкемнің үйіне аман-есен қайтарса, онда Жаратқан Ие менің сиынатын Құдайым болады. Мен ескерткіш ретінде орнатқан осы тас Құдайға ғибадат ететін орын болмақ. Я, Құдайым, Сенің маған беретініңнің барлығының оннан бір бөлігін Өзіңе арнамақпын». Осы кезде Жаратқан Ие Жақыпқа тіл қатып: «Ата-бабаңның еліне, өз жақындарыңа қайт! Мен саған жар боламын», — деп бұйырды. Содан кейін Жақып мінажат етіп былай деді: «Уа, атам Ыбырайым мен әкем Ысқақтың сиынатын Құдайы, о, Жаратқан Ие! Сен маған: туған еліңе, туыстарыңа қайта орал! Мен саған жақсылық істеймін деген едің ғой.
Выбор основного перевода