Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Аввакум
1 2 3
Параллельные места
Басқа халықтар мұны естіп қорқып дірілдейді:Філістірдің елін ғаламат үрей билейді, Едомның әмірлері асып-сасып қалады,Моабтың көсемдері де қалшылдап қорқады,Қанахандықтардың түседі ұнжырғалары, Уа, Жаратқан, бәрін қорқыныш билеп, үрей басады,Меншікті халқың өтіп шыққанша жерлерінен,Зәрелері ұшады қолыңның құдіретінен,Тастай қатып тыныш отыр олар сол себептен. Исраилдіктер Жаратқан Иенің Мұсаға берген бұйрығы бойынша мадияндықтарға қарсы шайқасқа шығып, олардың күллі еркектерінің көзін құртты. Жаратқан Иенің Рухы Отниелге қонып, ол Исраилге билік айтты. Отниел соғысқа аттанғанда Жаратқан Ие оның қолына Месопотамияның патшасы Қушан-Рушатаимды тапсырып, Отниел оны жеңіп шықты. Гедеон бүкіл Ефрем руының таулы аймағына да хабаршыларын жіберіп: «(Иордан алқабына) төмен түсіп барып, мадияндықтарға қарсы шығыңдар! Бет-Бараға дейінгі су көздерін және өзендердің өткелдерін қолға түсіріп, жауды соларға жақындатпаңдар!» — деді.Сонда Ефремнің бүкіл адамдары шақырылып, Бет-Бараға дейінгі су көздерін және Иордан мен басқа да өзендердің өткелдерін қолға түсіріп, жауды соларға жақындатпады. Ефремдіктер Мадиянның артынан қуып, олардың екі әміршісі — Ориб пен Зипті тұтқындады. Содан Орибті Ориб құзының, Зипті Зиптегі жүзім сыққыштың маңында өлтіріп, бастарын Иорданның жағасынан Гедеонға алып барды. Зебей мен Салман қаша жөнелді. Гедеон олардың соңынан қуып, қолға түсіріп, мадияндықтардың бүкіл жасағының зәресін ұшырды.
Аввакум
1 2 3
Выбор основного перевода