Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Аввакум
1 2 3
Параллельные места
Жаратқан Ие — қайнар көзі күш-қуатымның,Мадақтау жырларымды Оған арнай берейін.Ием мені құтқарып, алып қалды аман-есен.Жаратқан — Құдайым менің, Оны мадақтайын,Ол — әкемнің де Құдайы, даңқын асырайын! Әрдайым Иеміз мадақталсын,Құтқарушы Құдайымыз даңқталсын:Жүгімізді көтеріп жүр Ол күн сайын,Құдайдың Өзі — бізді аман сақтайтын. Құдайымыз бізді қорғап-қолдайды,Жаратушы Тәңір Ие ажалдан сақтайды. «Тағайындағандарыма еш тиіспеңдер,Пайғамбарларыма зұлымдық істемеңдер!» Халықтарды соттап, көп адамдарын жояды,Бүкіл жер бетінің билеушілерін соғады. Сендер әкпен сылаған қабырғаны Мен құлатып, жермен-жексен қыламын. Осылайша оның түп негізі ашылып қалады. Ол құлағанда, онымен бірге өздерің де құрисыңдар. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар.
Аввакум
1 2 3
Выбор основного перевода