Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Аввакум
1 2 3
Параллельные места
онда сақ бол. Жаратқан Ие далада жүрген малдарыңа қол салып, жылқыларың, есектерің, түйелерің, мүйізді ірі қараларың және қой-ешкілерің өте жаман індетке ұшырайтын болады! Сол күні түн ортасында Жаратқан Ие Мысырдағы барлық тұңғыштарды — тақта отырған перғауынның тұңғышынан бастап, түрмеде жатқан тұтқынның тұңғыш ұлына дейін және мал атаулының тұңғыш төлдерін де өлтірді. Сол түні перғауын, оның күллі нөкерлері және барлық мысырлықтар да ұйқыларынан тұрды. Бүкіл Мысыр зарлы жоқтау жамылды, себебі өлім шықпаған бірде-бір үй болмады. Мұса Һаронға: «Бір табаны ал да, оған түтету үстелінен қызып тұрған көмір шоғын сал, ал оның үстіне хош иісті зат сал. Тезірек жамағатқа жүгіріп бар да, оларға күнәнің арамдығынан тазартатын рәсімді орында! Өйткені Жаратқан Ие қаһарланып отыр, халық арасында індет жайыла бастады», — деп тапсырды. Сонда Һарон Мұсаның айтқан нәрселерін алып, жамағаттың ішіне жүгіріп барды. Қараса, олардың арасында індет жайыла бастаған екен. Һарон хош иісті затты түтетіп, халықты күнәларының арамдығынан тазартатын рәсімді орындады. Осылай Һарон тірілер мен өлілердің арасында тұрды. Сонда індет жайылуын тоқтатты. Ал сол індеттен, Қорахтың күнәсіне бола көз жұмғандарды есептемегенде, он төрт мың жеті жүз адам қырғынға ұшырады. Сонымен Ғад Дәуітке барып, былай деді:— Жаратқан Ие мынаны айтады: Қайсысын таңдап аласың: не еліңде үш жыл бойы ашаршылық жайлағанын ба; не өзіңнің үш ай бойы жауларыңның семсерінен қашып, жеңілгеніңді ме; не еліңнің үш күн бойы Жаратқан Иенің семсері — індет арқылы күйреп, Оның періштесінің бүкіл Исраил бойынша қырғын салғанын ба? Енді ойланып, өзімді Жібергенге қандай жауап қайтаруымды шешіп айта гөр! — Дәуіт Ғадқа:— Жаным қатты қиналып тұр! Жаратқан Иенің қолына түсейін, өйткені Оның мейірімі өте мол. Бірақ адамдардың қолына түспейінші! — деп жауап берді. Сол себепті Жаратқан Ие Исраилге індет жайлатып, Исраилдің жетпіс мың ер адамы өлді. Құдай Иерусалимді де құртуға періштесін жіберген болатын. Бірақ ол енді ғана Иерусалимді құрту үшін қолын соза бергенде, Жаратқан Ие болып жатқан апатты көріп, сол туралы аяушылық танытып, періштеге: «Жетер енді, қолыңды тарт!» — деп бұйырды. Сол кезде Жаратқан Иенің періштесі ебустік Орнаның астық бастыратын қырманының қасында тұрған еді. Қаһарынан Оның түтін шықты,От лаулап, аузынан жалын атты,Ыстық шоқ ішінен атқылады.
Аввакум
1 2 3
Выбор основного перевода