Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Аввакум
1 2 3
Параллельные места
Құдай мені өлтірмек болса да, Оған үмітімді артамын. Қайткенде де іс-әрекеттерімді Оның алдында қорғайтын боламын. Сонда қақпаларында Сион шаһарыныңӨз ұлылығыңды ұдайы марапаттаймын,Мені құтқарғаныңа қуана ән шырқаймын. «Әй, зұлымдар, күлесіңдер жарлының ниетіне,Бірақ қолдап-қорғайды оны Жаратқан Ие!» Құдай — біздің панамыз да күшіміз,Қиын кезде сенімді көмекшіміз. Сол себептен біз уайымдап қорықпаймыз,Тіпті дүниенің астан-кестені шықса да,Таулар теңіздің тұңғиығына құласа да, Теңіз долдана ақ көбік атқыласа да,Оның толқынынан тау сілкініп жатса да.(Әлемнің Иесі біздің жанымызда,Жақып сиынған Құдай — биік қорғанымыз да!) Құдайдың таңдап алған қаласына,Алла Тағаланың киелі тұрағынаОның рақымы бұлақтың суындайӘрқашан да нәр беріп қуантуда. Құдай осы қаланың ортасында,Ешқашан қозғалмайды да сол қала,Құдай көмегін береді таң ата. Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым!Оған сеніп, қорықпаймын да енді,Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі,Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы,Ол адал Құтқарушым болып келеді!» Жаратқан Иеге қатты қуанам,Құдайыма шаттанады жан дүнием,Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі,Үстіме әділдікті де жауып берді!Күйеу жігіт діни қызметкер іспеттіӘшекейлі тәж басына киеді,Қалыңдық асыл тастарын тағады,Дәл солай мен де болдым салтанатты! Құтқарушым Құдайға қуанады:
Аввакум
1 2 3
Выбор основного перевода