Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Аввакум
1 2 3
Параллельные места
О, Құдай, халқыңды Мысырдан бастап шыққанда,Айдалада оны ертіп жүріп отырғаныңда, әрі былай дейді: «Біліп ал, Мен сені астық бастыратын өткір тісті, жаңа тақтай сияқты қолданбақпын: тау-төбелерді бастырып, талқандап, қауызға айналдыратындай жеңімпаз боласың. Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады:— Бабыл қаласы астық бастыратын қырмандай: тағы біраздан кейін ол егіннің орылып, астықтың бастырылатыны сияқты тапталатын болады! Алайда олар Жаратқан Иенің ой-ниетін білмейді. Ол соларды қырманға апарылатын бидай бауларындай жинап жатыр. Оның осы жоспарын олар түсінбейді. Тұр да, бидайды бастыр, уа, Сион қаласы! Мен саған сол үшін темір мүйіз әрі қола тұяқ секілді құрал-сайман беріп отырмын. Сонда сен көптеген халықтарды быт-шыт қылып қиратасың. Олардың арамдықпен жинаған өнімдерін енді Жаратқан Иеге бағыштайсың. Иә, солардың байлықтарын бүкіл жер бетінің Иесіне ұсынасың».
Аввакум
1 2 3
Выбор основного перевода