Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Аввакум
1 2 3
Параллельные места
Лайым әкеңнің берген осы баталарыАтам заманнан тұрған таулардан,Көне қырлардан үміт еткен баталарданӘлдеқайда асып түсе берсін!Бұл баталарым төбесіне Жүсіптің —Бауырларының ішінен таңдаулыныңБасына әрдайым қона берсін! Сонда халық жауларын жазалап болғанға дейін күн мен ай тоқтап тұрды. Бұл оқиға жайында «Яшардың кітабында» жазылған.Сол кезде күн дәл төбеде тұра қалып, шамамен бір күн бойы батуға асықпады. Сол заматта жер дірілдеп сілкінді,Таулардың негізі шайқалып дірілдеді,Өйткені Құдай қаһарына мінген еді. Олар жел өтіндегі қауыздай шашырасын,Жаратқанның періштесі айдап шықсын, Исраил көшіп шыққанда Мысырдан,Жақыптың әулеті сол бөтен тілді жұрттан, Яһуда елі Құдайдың киелі үйінеАйналды, Исраил де — Оның иелігіне. Сонда теңіз көріп, қаша жөнелді,Иордан өзені кері бұрылды, Таулар қошқар іспетті секірді,Төбелер қозы іспетті секектеді. Уа, теңіз, сен неге қаша жөнелдің?Уа, Иордан, сен неге кері бұрылдың? Таулар, қошқардай неге секірдіңдер?Төбелер, қозыдай неге секектедіңдер? — Уа, Жаратқан Ие, орныңнан тұрып,Баяғыдай құдіретті қолыңды созып,Ежелдегі істегенің іспеттіҚазір де көрсете гөр ерен күшіңді!Сол заманда Мысыр елін талқандап,Осы айдаһардай жауды жарақаттап,Жойып жіберген Өзің емес пе едің?! Таулар қозғалып, төбелер шайқалар, бірақ Менің сүйіспеншілігім сенен айнымас, сенімен амандық пен тыныштық жайлы жасаған Келісімім де шайқалмас!» — дейді саған рақымын төккен Жаратқан Ие. Сонда таулар Оның табанының астында отқа еріген балауыздай балқып, аңғарлар қақ айырылады. Жартастар су іспетті тау баурайынан ылдилап ағып жатады. Ал сен, Ефрата аймағындағы Бетлехем, Яһуданың әулеттерінің арасындағы маңызсызы болсаң да, сенен Менің халқым Исраилге басшылық ететін Көсем шығады. Оның шыққан тегі ежелгі заманнан, мәңгіліктен.
Аввакум
1 2 3
Выбор основного перевода