Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Аввакум
1 2 3
Параллельные места
Осы үш жүз адам кернейлерін тартқанда, Жаратқан Ие жау тұрағындағы адамдардың бәрін бір-біріне қарсы шығарып, семсерлерімен өзара шайқастырып қойды. Қалған жасақшылар (Иордан өзеніне қарай) Сәрераның жанындағы Бет-Шиттаға, Табаттың маңындағы Әбел-Мехоланың шекарасына дейін қашып кетті. Аула артында тасада аңдып отырады,Бас салып тұтқиылдан, жазықсызды құртады.Қорғансыз жанға көз сүзіп, отырады қарап, Зұлымның астыртын әрекетіненҚорғап әрі залымның бүлігінен. Тілдерін олар семсердей өткірлеген,Көздеп тұр жебедей өткір сөздерімен. Айыпсыз жанды атады тосқауылдан,Кенеттен тап береді қорықпастан. Зұлым ойларында бір-бірін қолдайды,Құпия тор құруды жоспарлайды,«Мұны кім көрер?» деп өздерін мақтайды. Сол заманның ақырында Мысыр патшасы оған қарсы соғысуға аттанады. Бірақ солтүстіктің патшасы өзінің жарақталған соғыс күймелерімен, атты әскерімен және көптеген әскери кемесімен оған қарсы құйындай шүйіледі де, көптеген елдерді жаулап алып, топан судай жайпап өтеді. Сонда өз халқының үстінен Жаратқан Ие пайда болып, Оның жебелері найзағайдай атылатын болады. Жаратушы Тәңір Ие кернейдей қатты дауыс шығарып, оңтүстіктегі иен даладан соққан дауылдай жауға бас салады.
Аввакум
1 2 3
Выбор основного перевода