Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Ал Жаратқан Ие қайтадан исраилдіктердің малдарына мысырлықтардікінен бөлек қарамақ: Исраилдің бір тұяғы да шығынға ұшырамайды! Тек Исраилдің үрім-бұтағы мекендеген Гөшен елінде ғана бұршақ жауған жоқ. Мұса қолын аспанға қарай созғанда, барлық Мысыр елін үш күн бойы қара түнек басты. Адамдар бір-бірін көре алмай, үш тәулік бойы ешкім отырған орнынан тұрмады. Ал Исраилдің үрім-бұтағының мекендерінде жарық болды. Жоқ, сендер иемденейін деп жатқан осы ел көктен жауған жаңбырмен суғарылатын қыратты да аңғарлы жер. Бірақ елде ешқандай жаңбыр жаумағандықтан, біраз уақыттан кейін сайдағы су тартылып, құрғап қалды. Егер Мен болашақта не аспанды жаңбыр жауғызбай жауып тастасам, не шегірткелерге елдегі егістіктерді жалмауды бұйырсам, не халқымның арасына індет жіберсем, Сол себепті әдеттегідей нөсер құймай, көктемгі жаңбыр да жаумады. Бірақ сен бәрібір бетің шімірікпей, ұялу дегенді білмейсің. көктегі Әкеміз берген қай нәрсе де игі. Нұр шашқан аспан денелерін жаратқан Ол бізге Өзінің мүлтіксіз жарылқауын жаудырады. Аспан денелерінің көлеңкелері қозғала бергенмен, Құдайда ешқандай тұрақсыздық жоқ.
Выбор основного перевода