Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Осы кезде жау қала қабырғасының бір жерін тесіп, ішке кірді. Сонда (Седекиях пен) барлық яһуди жасақшылары қашып кетуге тырысты. Халдейлер әскері қаланы қоршап тұрғанмен, олар түн ішінде патша бағының маңында екі қабырғаның арасында орналасқан қақпадан сытылып шықты. Содан олар Иордан аңғарындағы елсіз далаға қарай бет алды. Сол үшін қала қабырғасын олардың көз алдында үңгіп қаз да, буып-түйген заттарыңды сол тесік арқылы алып шығатын бол. Араларындағы әмірші қас қарайғанда заттарын иығына артып алып, кетіп қалатын болады. Ол шығып кете алуы үшін қызметшілері қала қабырғасында арнаулы тесік үңгіп қазады. Әмірші бетін тұмшалап, жауып алады, әрі елін енді қайтып көрмейтін болады.
Выбор основного перевода