Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Отырғаным, тұрғаным да Саған аян,Ойларымды біліп, ұғасың алыстан. Ол дауыс көтергенде аспандағы бұлттар күркірейді. Иеміз көкжиектен бұлттарды көтеріп, нөсер мен найзағайды жібереді, сақтап қойған орнынан желді айдап әкеледі. Тым кеш болмай тұрғанда Құдайларың Жаратқан Иенің алдында күнәларыңды мойындап, Оған құрмет көрсетіңдер! Әйтпесе Ол қыраттарды қараңғылыққа батырып, сендер жол жүргенде сүрініп жығыласыңдар. Сендер жарықты күткенде Ол оны көр іспетті қара түнекке айналдырады. Бірақ көктегі Құдай құпияларды ашып бере алады. Уа, Набуходоносор патша, көктегі Құдай сізге осы түс арқылы келешек замандарда болатын жайттарды көрсеткен екен. Төсекте жатқанда түсіңізде көрген көріністеріңіз мыналар: Үркер мен Көгалдай мерген сияқты шоқжұлдыздарды кім жаратты? Қара түнекті таңғы арайға, күнді қараңғы түнге айналдыратын, әрі теңіздің суын жоғары көтеріп, оны жер бетіне жаудыратын кім? Оның есімі — Жаратқан Ие! Сондықтан Мен сендерді жер аударып жіберемін, тіпті Дамаскіден де әрі!» — деп нық айтады Жаратқан Ие. Ол Әлемнің Әміршісі Құдай деп те аталады. Ол Өзінің зәулім сарайын көкте салып, соның негізін жердің бетінде қалайды. Ол теңіздің суын жоғары көтеріп, оны жердің бетіне төгеді. Оның есімі — Жаратқан Ие. «Қараңдар! Жаратқан Ие Өзінің көктегі тұрағынан шығып, төмен түсіп келіп, жердің биіктеу орындарын басып таптайды.
Выбор основного перевода