Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Сүзеген бұқадай жау алды қоршап,Башандық бұқадай жан-жақтан қыспақтап, Сол кезде осы ел ойрандалып, қойлар онда емін-еркін жайылады. Жат жерлік кірмелер бұрынғы байлардың жерлерінен тойынатын болады. былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, Исраилдің таулары! Жаратушы Тәңір Иенің тау-төбелерге, аңғарлар мен шатқалдарға арнаған сөзіне құлақ салыңдар! Біліп қойыңдар, Мен сендерге қарсы жаудың семсерін жіберіп, биіктеу жерлеріңдегі (жалған тәңірлерге бағышталған) табыну орындарын жойғызамын. Сөйтіп қуаттылардың етін жеп, жердің әміршілерінің қанын ішесіңдер. Солар қошқар, тоқты, теке, жас бұқадай, тіпті Башанның бордақы малындай қоңды болады. Олар өздеріне қарыздар адамнан кепілдікке алынған жамылғыны құрбандық үстелінің қасына төсеп жатады. Жұртқа айып төлетіп алған шарапты өздері табынған тәңірсымағының ғибадатханасында ішеді. Азот қаласы мен Мысыр елінің сарайларына: «Самарияның тауларына жиналыңдар! Елдегі болып жатқан ғаламат ретсіздік пен қанаушылыққа көз салыңдар!» — деп жариялаңдар! Сендер кедейлерді басып-жаншып, олардан алым ретінде мол астық жинайсыңдар. Сондықтан қашалып өңделген тастан үйлер салсаңдар да, оларда тұрмайсыңдар! Жүзімдіктер отырғызсаңдар да, солардың өнімдерінің рақатын көрмейсіңдер! Әй, Сион тауында бейқам тұрып жатқан және өздерін Самария тауында қауіпсіз сезінетіндер, сендер қасіретке қаласыңдар! Ең озат халықтың маңдай алды адамдары деп аталатын сендерге Исраилдің үрім-бұтағы келіп, ақыл-кеңес пен көмек сұрайды. Шарапты тостағандап ішіп, үстеріңе жұпар иісті май жағасыңдар. Ал Жүсіптің үрім-бұтағының басына төніп тұрған жойылу жайлы қайғырмайсыңдар! Кедейлерді күміске, мұқтаждарды бір жұп аяқкиімге сатып аламыз. Салмағын ауырлату үшін астықты кебегімен қоса сатамыз!»
Выбор основного перевода