Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Сол кезде Жаратқан Ие Содом мен Ғомораның үстіне аспаннан от аралас күкірт жаудырып, Бабыл қаласы — патшалықтардың сән-салтанаты, халдей халқының асқақ мақтанышы. Алайда Мен, Құдай, Содом мен Ғомораға істегенімдей, Бабылдың да астан-кестенін шығарамын. Иерусалимнің пайғамбарларынан да мына қорқынышты іс-әрекетті көрдім: олар азғындыққа салынып, жалғандықтың жолын қуып жүр! Олар зұлым істер істеп жүретіндерді қолдап-қолпаштайды. Сондықтан ешкім күнәсінен бас тартпайды. Діни қызметкерлердің бәрі Маған Содомдай, Иерусалимнің тұрғындары Ғоморадай жексұрын болып кетті». «Мен сені қалайша тастап кетемін, уа, Ефрем? Сені қалайша ұстап беремін, уа, Исраил? Мен сені қалайша Адмадай тастап, Себоимдей ойрандаймын? Жүрегімде ниетім өзгеріп, аяушылығым арта түсті. Жаратқан Ие шайтанға: «Саған Жаратқан Ие тыйым салады, шайтан! Иә, Иерусалимді таңдап алған Жаратқан Ие саған тыйым салады! Осы адам жанып кетпей тұрып от ішінен құтқарылып алынған отындық ағаш сияқты емес пе?» — деп зекіді. оларды ынта-жігермен тозақ отынан құтқарып алыңдар! Ал (жалған ілімдерді ұстанған) басқаларға аяушылық танытқанда, күнәнің ықпалынан шошына сақтаныңдар! Олардың азғын болмыстарынан бастау алатын арам істерінен жиреніп, аулақ жүріңдер!
Выбор основного перевода