Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
онда сақ бол. Жаратқан Ие далада жүрген малдарыңа қол салып, жылқыларың, есектерің, түйелерің, мүйізді ірі қараларың және қой-ешкілерің өте жаман індетке ұшырайтын болады! Жаратқан Ие келесі күні солай істеді де. Мысырлықтардың малдары жаппай қырылды, ал исраилдіктердің малдарынан бірде-бір шығын болмады. Сол күні түн ортасында Жаратқан Ие Мысырдағы барлық тұңғыштарды — тақта отырған перғауынның тұңғышынан бастап, түрмеде жатқан тұтқынның тұңғыш ұлына дейін және мал атаулының тұңғыш төлдерін де өлтірді. Жаратқан Ие сендерге мысырлық шиқандарды: іріңді жара, қатерлі ісік, қышыма-қотырды жаппай жұқтырып, солардан жазыла алмайсыңдар. Осылай Ол сендер Мысырда жүргенде қатты қорқатын індеттердің бәрін де жібереді. Солар сендерге ұзақ уақытқа жабысады. Ақырында Жоғахаздың әскерінен бар болғаны елу салт атты, он соғыс күймесі және он мың жаяу жасақшысы ғана қалды. Себебі басқа жауынгердің бәрін Араманың патшасы қырып-жойып, табанымен таптағандай талқандаған еді. Лаулаған қаһарына Тәңір жол берді,Ажалдан жаудың жандарын сақтамады,Оларды обаның індетіне табыстады. Алайда осы халық өзін жазалаған Әлемнің Иесіне қайтадан бет бұрып, Оның еркін білуге ұмтылған жоқ. «Мен оларды жазалаймын. Жас жігіттері семсерден қаза тауып, балалары аштан өледі! — Әлемнің Иесі осыны нық айтады. — Солардың балаларын ашаршылыққа ұшыратып, семсерден өлім құшыр. Аналары балаларынан айырылып, әйелдері жесір қалсын, ер адамдары індеттен құрып, жастары шайқаста семсердің жүзінен мерт болсын. Әй, Моаб, сенің қалаларың жау қолына түсіп, адамдарың толықтай құриды. Бетке ұстар жас жігіттерің қой іспетті бауыздалады! — Есімі «Әлемнің Иесі» деген Патша осыны нық айтады. Солтүстіктен баса-көктеп келген әскерді сендерден аластатамын. Оны басы шығыстағы Өлі теңізден басталып, аяғы батыстағы Жерорта теңізімен аяқталатын қылып, қуаңшылық басқан, қаңыраған бос елге жіберемін. Сол жерде шіріп сасып, олардан жағымсыз сасық иіс тарайтын болады. Себебі олардың істегендері ғаламат жауыздық болатын!
Выбор основного перевода