Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Параллельные места
Оларға тағы мынаны айт: Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін құрбандық ретінде күн сайын мінсіз бір жасар екі тоқтыдан әкеліп отырыңдар. Бірінші тоқтыны таңертең, екіншісін кешке қарай шалып, өртеп ұсыныңдар. Әрбір үш жыл сайын, сол жылғы өніміңнің он бөлігінің бірін қалаларыңның ішіне алып барып, арнайы жерге жинап қойыңдар. Уа, Исраил халқы, Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Егер Мені тыңдамайтын болсаңдар, мейлі, әрқайсың барып, жалған тәңірлеріңе құлшылық ете беріңдер! Бірақ кейін Менің қасиетті есімімді өздеріңнің опасыздықтан арамдалған сый-тартуларыңмен және тәңірсымақтарыңмен қорламайсыңдар. Уа, Солтүстік Исраил, сен өзің азғындыққа салынғанмен, Яһуда халқы да сондай күнә жасамасын! Не Ғылғалға, не Бет-Әбенге барып, жалған тәңірлерге табынбаңдар, Мәңгі тірі Жаратқан Иенің атымен ант та етпеңдер! Мен Исраилдің жасаған зұлым істеріне назарымды аударып, оларды жазалайтын боламын. Сол күні Бетелдегі құрбандық үстелдерін де қиратамын. Осы құрбандық үстелдеріндегі мүйіздер кесіліп, жерге түсіп қалады. Бетелдегі жалған тәңірден көмек іздемеңдер, Ғылғалға да бармаңдар, Бер-Шебаға қарай да өтпеңдер! Өйткені жау Ғылғалдың халқын еш шүбәсіз тұтқынға айдап әкетеді, Бетелдің басына да апат түспек».
Выбор основного перевода