Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Келісім сандығын көтеріп алып жүргендер тоқтап тыныққан сайын Мұса былай деп өтінетін:— Уа, Жаратқан Ием, тұрақтай гөр қайтаИсраилдің сан мыңдағандарына! Дәуіт патша орнынан тұрып, былай деді:— Сөзімді тыңдаңдар, уа, ағайындарым, халқым менің! Құдайымыз Жаратқан Иенің «табан тіреніші» — Оның арамызда екенін білдіретін Келісім сандығына тұрақты орын болатын киелі үйді салатын ниетім бар еді. Осы құрылысқа дайындық та жүргіздім. Уа, Жаратқан Ие, көтерілші,Тынығар киелі тұрағыңа кірші,Сандығыңмен бірге — құдіретіңнің белгісі. Діни қызметкерлерің әділдік жамылсын,Өзіңе адалдар шаттана ән-жыр айтсын. Қызметшің Дәуітті есіңе алсаңшы,Тағайындаған патшаңнан бас тартпашы. Жаратқан Иеге қатты қуанам,Құдайыма шаттанады жан дүнием,Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі,Үстіме әділдікті де жауып берді!Күйеу жігіт діни қызметкер іспеттіӘшекейлі тәж басына киеді,Қалыңдық асыл тастарын тағады,Дәл солай мен де болдым салтанатты!
Выбор основного перевода