Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сен «Мына киелі үйді өз атыммен атаймын» деп сөз бергендіктен, оған күні-түні қамқор бола гөр. Уа, Ием, алдыңдағы қызметшіңнің бұл жерге қарай Өзіңе бағыштаған мінажатына құлақ аса гөр. Бұдан былай осы жерде айтылатын мінажаттарға көзім ашық, құлағым түрулі болады. Қызметшілерің — Исраилдің үрім-бұтағы үшін күні-түні Өзіңе сиынып отырған мендей құлыңның дұғаларына құлағыңды түріп, назарыңды аудара гөр! Исраилдің үрім-бұтағы — біздер Саған қарсы жасаған күнәларымызды мойындаймыз. Менің өзім де, шыққан әулетім де күнә жасадық. О, Жасаған Ие, Саған бойсұнған менің және есіміңді сүйсіне қастерлейтін басқа да қызметшілеріңнің дұғаларымызға құлақ аса гөр! Енді патшаны маған оң көзімен қаратып, ісімді табысты қыла гөр!»Себебі сол кезде мен патшаның сусындарын басқарып, дайындайтын уәзірі болатынмын. (Дәуіттің мінажаты.)Уа, Ием, әділ өтінішімді ести гөр,Жалынған дауысыма көңіл бөле гөр,Шынайы мінажатыма құлақ түрші, О, Тәңір Ием, даусымды тыңдай гөр,Мінажатыма менің құлақ түре гөр!
Выбор основного перевода