Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Адам пәк таза болушы ма еді? Әйелден туған пенде әділ бола ала ма? Құдай тіпті Өзіне бағышталған қасиетті қызметшілеріне де сенім артпайды. Аспан да Оның көз алдында таза емес. Ендеше жексұрын да бұзылған, жамандықты «суды сіміргендей» оңай жасайтын адам ше? Жүрегімді таза ұстап, күнәсіз жүрдімДеп тайсалмай айта алар еді кім? Шындығында жер бетінде әрдайым жақсылық жасап, ешбір күнә жасамайтын әділ адам жоқ. Бәріміз де көп қате жібереміз. Ал кім сөзінде қате жібермесе, сол — денесін тұтастай меңгере алатын жетілген адам. Егер «күнәсізбіз» десек, онда өзімізді алдап, бізде шындықтың болмағаны. Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады. Ал егер «еш күнә жасаған жоқпыз» десек, Құдайды өтірікші етіп көрсетеміз, әрі Оның сөзі жан дүниемізден орын алмағаны.
Выбор основного перевода