Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Жаратқан Иенің алдын ала айтқанындай, Набуходоносор Жаратқан Иенің киелі үйіндегі және патша сарайындағы қазыналарын түгелдей Бабылға алып кетті, әрі Сүлеймен патшаның Жаратқан Иенің ғибадатханасына арнап жасатқан алтын жалатқан бұйымдарының барлығынан алтындарын сыдырып әкетті. Бабыл патшасы Набуходоносор кезінде Жаратқан Иенің Иерусалимдегі киелі үйінен тонап алып кетіп, өз тәңірінің ғибадатханасына әкеліп қойған бұйымдарды Кир патша содан шығартып алдыртты. Яһуда елінде Жохақымның патшалық құрған үшінші жылы Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалим қаласына шабуыл жасап, оны қоршап алды. Сонда Яһуданың патшасы Жохақым да, Құдайдың киелі үйінен алынған бірнеше ыдыстар да Жасаған Иенің еркімен Бабыл патшасының қолына түсті. Сол қасиетті ыдыстарды патша Шинар аймағына әкетіп, өзі табынатын жалған тәңірдің ғибадатханасының қазына қоймасына сақтап қойды. Соның дәмін татқаннан кейін Белшазар: «Атам Набуходоносор кезінде Иерусалимдегі ғибадатханадан алып келген ыдыстар келтірілсін!» — деп бұйырды. Себебі Белшазар өзінің басшы-ұлықтары, әйелдері әрі кәнизактарымен бірге сол қасиетті ыдыстардан шарап ішпек болды.
2. Паралипоменон
Выбор основного перевода