Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Бірақ жетінші жылы жер тынықсын, ол — Жаратқан Иеге арналған тынығу жылы. Сол жылы егістіктеріңе еш нәрсе егуші болмаңдар, жүзімдіктеріңнің сабақтарын кеспеңдер. Өздігінен өсіп шыққан өнімді қоймаларыңа жинамаңдар, сабақтары кесілмеген жүзімдіктеріңнің жүзім шоқтарын да жинаушы болмаңдар! Бұл жердің тынығатын жылы болсын. Біліп қойыңдар, сендер жауларыңның елдерінде жүрген сол кездеріңде осы ел қаңырап бос жатып, сақталмаған тынығу жылдарының орнын толтырады. Сонда елдің топырағы тынығып жататын болады. Қаңырап бос жатқан барлық кезінде елдің топырағы сендер онда тұрған уақытта демалмаған тынығу жылдарының орнын толтырып жатады. Исраил халқы елдерінен қуылып, жер оларсыз бос қалған кезінде, ел тынығу жылдарының орнын толтырып, рақаттанып тынығып жатады. Ал халық Менің шешімдерімді менсінбей, ережелерімнен жиренгендері үшін кінәларының жазасын тартады. солтүстіктің барлық ұлттары мен тайпаларын және Менің еркімді іске асыратын Бабыл патшасы Набуходоносорды осы ел мен оның тұрғындарына және оның айналасындағы күллі халықтарға қарсы аттандырып алып келемін. Мен осы елдерді түгелдей қиратып тастаймын. Олар ұдайы қаңырап бос қалады, ал басқалар оларға қарап аңтарыла жандары түршігіп, ысқырып келекелейтін болады. Олардан қуаныш пен шаттықтың үнін, күйеу жігіт пен қалыңдықтың көңілді дауыстарын шықпайтын қыламын. Қол диірменінің үні де өшіп, шам-шырақтары сөніп қалады. Бүкіл ел қорқынышты құлазыған айдалаға айналады, ал осы ұлттар Бабыл патшасына жетпіс жыл бойы басыбайлы қызмет ететін болады. Бірақ жетпіс жыл өткен соң, Мен Бабыл патшасын да, оның халқын да ауыр кінәлары үшін жазалап, халдейлердің елін мәңгілікке қаңыраған қу далаға айналдырамын. Сол кезде мен, Даниял, Киелі жазбаларды оқып жатқанда Жаратқан Иенің Еремия пайғамбарға жеткізген хабарынан Иерусалимнің қаңырап бос қалуының жетпіс жылға созылуға тиіс екенін ұқтым.
2. Паралипоменон
Выбор основного перевода