Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Бірақ олар тыңдамай, кезінде өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге сенім артпаған ата-бабалары сияқты тоңмойын болып қасарысып алды. Осылай Құдайдың халқы Оның тапсырған ережелерінен де, ата-бабаларымен жасаған Келісімінен де бас тартып, ескертулеріне құлақ аспады. Соның орнына олар түкке тұрғысыз «тәңір бейнелеріне» табынып, өздері де түкке тұрғысыз болып кетті. Жаратқан Ие: «Солар сияқты істемеңдер!» — деп тыйым салғанмен, олар айналаларындағы халықтардың соңынан ілесіп кетті. Жаршылар Ефрем мен Манаса руларының барлық қалаларын аралап шығып, тіпті Забулонға дейін барды. Бірақ кездескен халық оларды күлкі етіп, келекеледі. Олар Жаратқан Ие туралы өтірік айтып: «Ол жоқ, ештеңе істемейді! Басымызға пәле түспейді, не соғыс, не ашаршылықты ешқашан көрмейміз! Пайғамбарлардың сөздері ескен желдей бос, Құдайдың хабарлары оларда жоқ. (Олар қоқан-лоқы жасап) айтқандары өз бастарына түссін!» деді». Ал сен олар үшін керемет дауыспен махаббат әнін шырқап, аспапта жақсы ойнайтын сияқтысың. Себебі олар айтқандарыңды естиді, бірақ оларды орындамайды. Ата-бабаларың сияқты болмаңдар! Ежелгі пайғамбарлар оларға былай деп дауыстап ескертетін: «Әлемнің Иесі мынаны айтады: Зұлым жолдарыңнан қайтып, сұмдық істеріңді тастаңдар!» Алайда ата-бабаларың Маған құлақ салып, тыңдаудан бас тартты, — деп сақтандырады Жаратқан Ие. — Сол арқылы сендер пайғамбарларды өлтіргендердің үрім-бұтағы екендеріңді мойындап, өздеріңе қарсы куәлік келтіресіңдер. Осылайша ата-бабаларыңның жауыздық істерінің мөлшерін толықтыра түсесіңдер! Ей, жыландар, улы жыланның ұрпағы! Сендер сотталып, тозаққа түсуден қалай құтылмақсыңдар? Сол үшін де тыңдап алыңдар: Мен сендерге Құдайдың хабарын жеткізушілерді, дана адамдарды және киелі жазбаларды үйретуші ғұламаларды жіберемін. Бірақ сендер солардың біреулерінің көздерін құртып, кейбіреулерін айқышқа шегелетіп өлтіріп, тағы басқаларын мәжілісханаларыңда дүрелеп сабап, қаладан қалаға қудалайтын боласыңдар. Сол үшін де кінәсіз Әбілден бастап, өздерің киелі үй мен құрбандық үстелінің арасында өлтірген Барақияхтың ұрпағы Зәкәрияға дейін жер бетінде төгілген күллі әділдердің қандарының құны сендердің мойындарыңа жүктелетін болады! Сендерге шындығын айтамын: мұның барлығы да осы ұрпақтың мойнына жүктеледі! Ей, Иерусалим қаласы, пайғамбарлардың көзін құртып, Құдай саған жіберген хабаршыларды тас лақтырып өлтіретін Иерусалим-ай! Балапандарын қанатының астына алған құс сияқты, Мен де сенің халқыңды қанша рет жинамақшы болдым. Бірақ сендер одан бас тарттыңдар! Мерзімі жеткенде бақтың иесі оның өнімінен өзіне тиісті үлесін берсін деп жүзімшілерге бір қызметшісін жұмсайды. Бірақ олар оны ұрып-соғып, құрқол қайтарып жібереді. Сонда бақтың иесі басқа бір қызметшісін жұмсайды. Олар оны да ұрып, намысына тиіп қорлап, құрқол қайтарып жібереді. Содан қожайын үшінші қызметшісін де жұмсайды. Алайда жүзімшілер оны да жарақаттап, қуып жібереді. Ей, қасарысқандар! Құдайға шын жүректен бағынбай, Оның сөзіне құлақ салмайтын сіздер болып тұрсыздар. Ата-бабаларыңызға ұқсап Киелі Рухқа әлі де қарсы шығып келе жатырсыздар. Ата-бабаларыңыз пайғамбарлардың қайсысын қудаламап еді! Олар Құдайдың әділ Қызметшісінің келуін алдын ала жариялаған хабаршыларын өлтірді. Сіздер енді Соның Өзін ұстап берген сатқын, өлтірген қанішер болдыңыздар!
2. Паралипоменон
Выбор основного перевода