Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Келесі жылғы көктемде, патшалар жорыққа шығатын уақытта Дәуіт Жоғабты, өзінің қызметшілерін және Исраилдің бүкіл әскерін жауға қарсы аттандырды. Олар аммондықтарды жаппай қырып, астаналары Раббаны қоршап алды. Бірақ Дәуіттің өзі Иерусалимде қалып қойды. Набуходоносор, сондай-ақ, Ехонияхтың өзін де Бабылға әкетіп, оның шешесін, әйелдерін, сарай қызметкерлерін және елдің абыройлы адамдарын да Иерусалимнен Бабылға жер аударды. Шетелдік патша Құдайдың киелі үйіндегі үлкенді-кішілі жиһаздар мен бұйымдардың бәрін, әрі ондағы қазынаны, сонымен қатар патша мен әміршілерінің қазыналарын түгелдей Бабылға алып кетті. Мәңгі тірі Жаратқан Ие өз атымен ант етіп былай дейді: Уа, Яһуда патшасы Жохақым ұлы Ехониях, Менің оң қолымдағы мөрлі жүзігімдей беделді болған едің. Алайда Мен сені қолымнан жұлып алып тастайтын боламын! Сені жаныңды алмақ болған, өзің зәрең қалмай қорқатын адамдардың, яғни Бабыл патшасы Набуходоносор мен халдей жасақшыларының, қолдарына түсіремін! Мен өзіңді де, сені дүниеге келтірген шешеңді де бөтен елге айдатып жіберемін. Сендер сол жерде тумағанмен, сонда өлетін боласыңдар. Осы елге қайтуды қанша аңсасаңдар да, оған қайта оралмайсыңдар». «Мына адам Ехониях шынымен сынып, қоқысқа тасталған ыдыс іспетті ме? Оның өзі және балалары білмейтін алыс елге неліктен айдалып әкетілмек?» деп сұрайтын шығар. Уа, елім! Уа, жерім! Уа, ел-жұртым! Жаратқан Иенің сөзін мұқият тыңдаңдар! Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Бұл кісіні баласыз, өмір бойы табысқа жетпейтін адам деп жазып қойыңдар! Себебі оның бірде-бір баласы Дәуіттің тағына отырып, Яһуда еліне билік жүргізбейтін болады». Кейінірек Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалимге келіп, Жохақым ұлы Ехонияхтың орнына Жосия ұлы Седекияхты Яһуда елінің патшасы етіп тағайындады.
2. Паралипоменон
Выбор основного перевода