Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Бұдан кейін Ол Мұсаның алдынан өтіп бара жатып былай деп дауыстады:«Жаратқан Ие! Жаратқан Ие!Құдай мейірімді де қайырымды,Тез қаһарланбайтын да өте рақымды.Құдай әрдайым сөзінде тұрады; Ол берік мейірімін мыңдағандарға танытады,Өзіне қарсы шығып теріс қылықтардыЖасаған күнәкарды да кешіруге дайын тұрады,Ал (қасарысқанды) жазасыз қалдырмайды,Аталарының теріс қылықтары үшінЖазалайды балалары мен немерелерін,Тіпті шөберелері мен шөпшектерін». Егер сендер және балаларың Құдайларың Жаратқан Иеге қайтадан бет бұрып, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған өсиеттерге сай Оған шын жүректен, бүкіл жан дүниелеріңмен мойынсұнсаңдар, Олардың Өзіңе қарсы шығып, күнәға батып, жасаған теріс қылықтарының бәрін де кешіре гөр. Жеңіп шыққан жауларының жүректерін оларға мейіріммен қарайтындай етіп жібіте гөр. Содан Ол халқын тұтқында ұстаған бар елдердіОларды аяп мүсіркеуге мәжбүрледі. Азғын адам теріс жолынан қайтып, әділетсіз жан өз ойларынан бас тартсын! Бәрі Жаратқан Иеге бет бұрсын, сонда Иеміз мейірімділік танытады. Олар Құдайымызға қайта оралсын, өйткені Ол жомарттықпен кешіреді Сол күн туғанда әрбір ер адамға жеті әйел жармасып, оған: «Нанымызды өзіміз тауып жеп, киімімізді өзіміз тауып киеміз. Тек күйеуіміз болып, масқаралықтан арылта көріңіз!» — деп жалынып-жалбарынады. Сондықтан бар да, солтүстікке қарай мына хабарды жарияла: Уа, тұрақсыз Исраил, Маған қайтып кел! Бұдан былай сендерге қабақ түйіп қарамаймын, өйткені Мен рақымдымын! — деп уәде береді Жаратқан Ие, — Менің қаһарым мәңгілікке ұласпайды. «Өз меншікті халқын кінәсінен арылтатын әрі оның тірі қалғандарының теріс істерін кешіретін Сен сияқты қай Құдай бар? Сен мәңгілікке қаһарланбайсың, қайта, берік мейірім көрсетуден рақат табасың.
Выбор основного перевода