Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
«Һаронға және оның ұлдарына мынаны жеткіз: Исраил халқына былай деп бата беріңдер: Жаратқан Ие сені жарылқап аман сақтай көрсін, Жаратқан Ие саған бетінің нұрын төгіп рақымды бола көрсін, Жаратқан Ие саған бет-жүзін бұрып тыныштық сыйлай көрсін! Осылайша Һарон мен оның ұлдары Исраил халқына Менің есімімді атап бата бергенде, Мен Өзім оларды жарылқайтын боламын». Кір тастарың да, өлшейтін ыдыстарың да дәл әрі дұрыс болуға тиіс. Сонда Құдай Иелерің сендерге табыстап отырған елінде ұзақ өмір сүретін боласыңдар. Бұдан кейін діни қызметкер Еходай діни қызметкерлер мен леуіліктерге Жаратқан Иенің киелі үйін қарауды міндеттеді. Ежелде Дәуіт патша оларға Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қызметтерді үлестіріп берген еді. Олар Мұса арқылы тапсырылған Таурат заңы бойынша шалынып, өртелетін құрбандықтарды ұсынуға да, Дәуіт патшаның қалдырып кеткен нұсқауына сай қуанышты ән-жыр айтуға да міндетті болды. Біздің Құдайымызға ән айтыңдар,Оның есімін дәріптеп жырлаңдар,Бұлттармен жүретін Оны мадақтаңдар,Жаратқан Ие — Оның аты, біліп алыңдар,Көз алдында шат-шадыман болыңдар.
Выбор основного перевода