Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Осы малды айдың он төртіне дейін бағып күтіп, қастарыңда ұстаңдар. Сол күні кешке қарай Исраил халқының бүкіл қауымы тоқтыларын құрбандыққа шалсын. Бүгін, абиб айында, Мысырдан шығып бара жатырсыңдар. — Исраилдіктерге былай де: Егер біреу өліктен арамданып қалса немесе алыс сапарда жүрсе, ондай адам бәрібір Жаратқан Иеге арналған Құтқарылу мейрамын өткізсін. Сол адам екінші айдың он төртінші күні кешке қарай құрбандыққа бір тоқты шалып, оны ашытқысыз пісірілген нанмен және ащы шөптермен қосып жесін. Сонымен екінші айда Иерусалимде өте көп адам жиналып, Ашымаған нан мейрамын өткізуге үлкен жамағат дайын тұрды. Екінші айдың он төртінші күні олар Құтқарылу мейрамына арналған тоқтыларды сойды. Өткен жолы даяр болмағандарына ұялған діни қызметкерлер мен леуіліктер тазару рәсімінен өтіп, Жаратқан Иеге бағышталып, дайын тұрды. Олар Оның киелі үйіне арнайы шалынып, өртелетін құрбандықтарды алып келді.
Выбор основного перевода