Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Бірақ інжір ағашы оларға:— Басқа ағаштардың үстінен бұтақтарымды шайқау үшін ғана дәмді де тәтті жеміс беруімді доғаруым керек пе? — деп жауап беріпті. Кейде бұлт кешке тоқтап, келесі күні таңертең қайтадан алға жылжитын. Күндіз болсын, түнде болсын, бұлт жоғары көтерілген кезде исраилдіктер жолға шығып отырды. Ал діни қызметкерлер аз болып, олар шалынып, өртелетін құрбандықтардың терілерін сыдырып үлгіре алмады. Сондықтан басқа діни қызметкерлер тазару рәсімінен өтіп болғанға дейін, рулас бауырлары, леуілік қызметшілер, оларға жұмыстарын бітіргенше көмектесе тұрды. Бұлар тазару рәсімінен өтуге діни қызметкерлерден гөрі көбірек көңіл бөлетін еді. Патша, оның уәзірлері және Иерусалимнің бүкіл мәжілісі мейрамды екінші айда өткізу жайлы ақылдасты. Себебі діни қызметкерлердің тазару рәсімінен өткендерінің саны жеткіліксіз болды, оның үстіне халық та Иерусалимге жиналып үлгермеген еді. Діни қызметкерлер мен леуіліктердің барлығы да тазару рәсімінен өтіп қойған болатын. Леуіліктер қайта оралған халықтың бәрі үшін де, өз руластары — діни қызметкерлер және өздері үшін де Құтқарылу мейрамына арналған тоқтыларды шалды.
Выбор основного перевода