Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сондықтан Мен жерге түсіп, ондағы әділетсіздік Маған жеткен шағым туғызатындай дәрежеде ме, жоқ па, соған көз жеткізбекпін, — деді. Сол уақытта Одед ұлы Азарияхқа Құдайдың Рухы қонды. Содан Азариях патшамен кездесу үшін жолға шықты да, оған тіл қатып былай деді: «Уа, Аса және бүкіл Яһуда мен Бунямин халқы, құлақ асыңдар! Сендер Құдаймен бірге жүргендеріңде Ол да сендермен бірге жүріп жар болады. Егер де Оған бет бұрып сиынып Оны іздесеңдер, таба аласыңдар. Бірақ Одан бас тартсаңдар, Ол да сендерден бас тартады. Содан Жаратқан Иенің қаһары Амасияхқа лаулап, оған пайғамбарын жіберді. Пайғамбар тіл қатып:— Сол халықтың тәңірсымақтарына неге бет бұрып сиынасыз? Олар өз халқын сіздің қолыңыздан құтқара алмады ғой! — дей бергенде, былай деп мінажат еттім:— Уа, Құдайым! Күнәларымыз басымыздан асып, теріс қылықтарымыз аспанға дейін жетті. Бет-жүзімді Өзіңе көтеруге қатты ұялып, масқара болып қысылып тұрмын. Ата-бабаларымыздың заманынан бастап қазірге дейін Сенің алдыңдағы кінәміз өте зор. Біз патшаларымызбен, діни қызметкерлерімізбен бірге теріс қылықтарымыздың кесірінен бөтен елдердің патшаларының қолына түстік. Күні бүгінге дейін солардың семсерлерінен әрі құлдық, тонау, қорлықтан көз ашпай келеміз. Жаратқан Ие былай дейді:— Ассур патшалығы қасіретке қалады! Мен оны ызғарлы қаһарыма ұшырағандарды жазалау үшін ғана таяқ, сойыл сияқты пайдаланамын. Мен меншікті халқыма қаһарымды төгіп, оны сенің қолыңа түсіріп, қорлыққа салдым. Ал сен мейрімділік танытпай, оның қарттарына да тым ауыр жүк артып қойдың! Себебі оның күнәлары көкке жетерліктей көп. Енді Құдай оның әділетсіздіктерін ескеріп, соттамақ».
Выбор основного перевода