Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Оны босатқанда құр қол жіберме. оңтүстіктегі Негев даласын әрі құрма ағаштары өсетін Иерихон қаласы орналасқан алқаптан Соғар қаласына дейінгі бүкіл өңірді көрсетті. Яһуда руы және Мұсаның кендік қайын атасының ұрпақтары «Құрма ағаштарының қаласы» Иерихоннан шығып, Арад қаласының оңтүстігінде жатқан Яһуданың елсіз даласына көшті де, сондағы халықтың арасына қоныстанды. Еліше оған:— Жоқ, оларға тимеңіз. Тіпті өзіңіз семсер-садағыңызбен қолға түсірген тұтқындарды да өлтірмес едіңіз ғой. Одан да алдарына тамақ қойыңыз, ішіп-жесін. Содан патшаларына кері қайтарыңыз! — деді. Жауың сенің аш болса тамақтандыр,Егер ол шөлдесе шөлін қандыр! Сен осылай етіп басына оныңҚызып тұрған шоқ жиғандай боласың,Һәм Жаратқан қайтарар саған қарымтасын. Ал Мен сендерге айтамын: жауларыңды жақсы көріңдер! Өздеріңді қудалағандар үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңдер! Содан кейін бұл жерге жолаушылап бара жатқан бір самариялық келеді. Әлгі адамды көргенде оған жаны ашып, қасына барады да, жараларын маймен және шараппен жуып-шайып, таңады. Оны есегіне мінгізіп алып, қонақүйге апарып, күтеді.
Выбор основного перевода