Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Содан Ахаз Ассур патшасы Тығылат-Пеләсерге елшілерін жіберіп, мынадай сәлемін жолдады: «Сіздің құлыңызбын, сізге балаңыздай мойынсұнамын! Осында аттанып келіп, мені Арама мен Солтүстік Исраилдің патшаларының қолынан құтқарсаңыз екен! Олар маған қарсы шабуыл жасауда!» — Ахаз, сондай-ақ, Жаратқан Иенің киелі үйінің және патшалық сарайдың қазына қоймаларынан табылған алтын-күмісті жинап алып, Ассур патшасына сыйлыққа жіберді. Сонда Ассур патшасы оның тілегін орындап Дамаскіге жорыққа аттанып, қаланы басып алды. Содан қаланың бүкіл халқын шығыстағы Кир аймағына жер аударып, Ресин патшаның өзін өлтіріп тастады. Сол себепті Исраилдің Құдайы Ассурдың Пул деп те аталған Тығылат-Пеләсер патшасына ықпал жасап, патша Рубен мен Ғад руларын және Манаса руының жартысын жер аударып әкетті. Оларды (Солтүстік Месопотамиядағы) Халах, Хабор, Араға және Ғозан маңындағы Евфрат өзеніне апарып, осы күнге дейін олар сонда тұрып келеді.
Выбор основного перевода