Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Бұдан кейін Ахаз патша Ассур патшасы Тығылат-Пеләсермен кездесуге Дамаск қаласына барды. Дамаскідегі (жалған тәңірге бағышталған) құрбандық үстелін көргенде, Ахаз патша діни қызметкер Ұрияға құрбандық үстелінің бейнесін және оны тұрғызудың толық жобасын жіберді. Діни қызметкер Ұрия Ахаз патшаның Дамаскіден жіберген күллі нұсқауларына сәйкес құрбандық үстелін жасатып, оны патша қайтып келерінің алдында бітіріп қойды. Дамаскіден қайта оралғаннан кейін патша жаңадан салынған құрбандық үстелін қарап шығып, жанына көтеріліп барды. Оның үстінде Амасиях патша болса, Едомның әскерін жеңіп, талқандап, қайта оралғаннан кейін, Сейір тауларын мекендеген сол халықтың жалған тәңірлерінің мүсіндерін ала келді. Патша сол мүсіндерді өзінің сиынатын тәңірлері болуға орнатып қойды. Олардың алдында бас иіп табынып, хош иісті заттарды түтетіп ұсынатын болды. Біз істеуге ант бергеніміздің бәрін міндетті түрде істей береміз: бұрын өзіміз, ата-бабаларымыз және патшаларымыз бен әміршілеріміз Яһуданың қалалары мен Иерусалимнің көшелерінде істегеніміздей, бұдан былай да «Аспан патшайымына» арнап хош иісті заттар түтетіп, сұйық тартуларын құйып ұсына бермекпіз. Өйткені соны істеп жүрген кезімізде бізде тамақ мол, жағдайымыз жақсы болып, еш жамандық көрмеген едік. Ал «Аспан патшайымына» хош иісті заттар түтетіп, сұйық тартулар ұсынуды қойғаннан бері біз жоқшылық көріп, семсер мен аштықтан қырылудамыз.
Выбор основного перевода