Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сол себепті көкте де, жерде де Жаратқан Иенің жалғыз Құдай екендігін, Одан басқа ешбір (шынайы) құдайдың жоқ екендігін бүгін біліп, мұны жүректеріңе құйып алыңдар! Уа, Жаратқан Ие, Саған тән — ұлылық,Құдірет, салтанат, жеңіс пен нұрлылық!Меншігің — көк пен жердегілер барлық!Һәм Сенікі, уа, Иеміз, патшалықӘрі баршаға деген басшылық! Дәулет пен құрметтің көзі Сенсің,Бүкіл әлемге билік жүргізушісің!Бәрін жоғарылатып, күшейтетінҚұдірет пен билік қолыңда Сенің. Яһуда патшасы Аса оларға қарсы шығып, екі жақ Марешаның маңындағы Сефата аңғарында сап түзеп, шайқасқа дайындалды. Аса Құдай Иесіне дауыстап сиынып былай деді: «Уа, Жаратқан Ие, әлсізді мықтыдан қолдап-қорғайтын құдірет жалғыз Сенде ғана! О, Құдайымыз — Жаратқан Ие, бізді қолдай гөр! Біз Саған сенім артамыз, Сенің атыңмен осы қарақұрым тобырға қарсы аттанып шықтық. Уа, Жаратқан Ие, Сен біздің Құдайымызсың! Пенденің Өзіңнен басым болуына жол бере көрме!» Уа, Жаратқан Тәңір, Иеміз біздің,Бүкіл дүниеде әйгілі ӨзіңніңСондай айбынды да даңқты есімің!Көктен биік мерейіңді өсірдің. Құдай — Патшасы күллі жер бетінің,Лайым Оған айтыңдар мадақтау жырын! Құдай халықтарға билігін орнатты,Киелі тағына Ол отырып алды. Сіз түсіңізде көрген биік, мықты болып өсіп, ұшар басы аспанға жетіп, жердің түкпір-түкпіріне дейін көрінетін, Азғырылуымызға жол бермей,Бізді жамандықтан сақтай гөр.(Патшалық, құдірет және ұлылықМәңгі бақи Сенікі! Аумин.) жай аяқкиім киіп, артық киім алмаңдар! —
Выбор основного перевода