Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Осы бейбітшілік кезінде патша Яһуда елінде қамалды қалалар салды. Сол жылдары онымен ешкім соғысқан жоқ, себебі Жаратқан Ие оған тыныштық сыйлаған еді. Аса Яһуда халқын осы іске жігерлендіріп былай деген болатын: «Сол қалаларды салып, оларды қабырғалармен әрі мұнаралармен қоршайық. Мықты бөренелермен бекітілген қақпалар да тұрғызайық! Біз Құдайымыз Жаратқан Иеге бет бұрып сиынып келеміз, сол себепті ел әлі де біздікі. Иә, Жаратқан Иеге бет бұрып, Оның еркін біліп, орындауға ұмтылып келеміз. Содан Ол бізге барлық жағымыздан тыныштық сыйлады!»Мұнан соң халық құрылысқа жаппай қатысып, табысқа жетті. Яһуда халқының бәрі осы антқа қуанды. Олар шын жүректен серт беріп, Құдайға адал ой-ниетпен бет бұрып, мойынсұнып жүрді. Содан Құдай оларға жауап беріп жар болды. Осылайша Жаратқан Ие елге жан-жақтан тыныштық сыйлады.
Выбор основного перевода