Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сонда Жаратқан Ие Ханани ұлы Еху пайғамбарға сөзін арнап, оған Бағасаны айыптап былай дегізді: Жаратқан Ие Ханани ұлы Еху пайғамбар арқылы Бағасаның өзіне әрі оның әулетіне қарсы үкім шығарған еді. Бағаса Жаратқан Иенің көз алдында Еробоғамның әулеті іспетті зұлым істер істегені үшін, сондай-ақ, оның Еробоғамның әулетін құртқанына бола, оның өз ұрпақтары да Еробоғамның әулеті сияқты жойылатын болды. Себебі Бағаса өзінің іс-әрекеттерімен Жаратқан Иенің қаһарын туғызған еді. Жосапаттың қалған іс-әрекеттерінің барлығы, оның көрсеткен қажыр-қайраты мен жүргізген соғыстары туралы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. Сонда Ханани ұлы Еху атты пайғамбар оның алдынан шығып, былай деді: «Зұлым адамды қолдап, Жаратқан Иені жек көретіндерді жақсы көргеніңіз дұрыс па?! Осыны істегеніңіз арқылы өзіңізге қарсы Жаратқан Иенің қаһарын туғыздыңыз.
Выбор основного перевода