Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Ендеше мен сізге ешқандай обал жасап отырған жоқпын. Қайта, сіз маған қарсы соғыс ашып жамандық істеп отырсыз. Жаратқан Ие — әділ Төреші. Оның Өзі бүгін Исраил мен Аммон халықтары арасындағы осы дауды шешіп берсін! Аса Құдай Иесіне дауыстап сиынып былай деді: «Уа, Жаратқан Ие, әлсізді мықтыдан қолдап-қорғайтын құдірет жалғыз Сенде ғана! О, Құдайымыз — Жаратқан Ие, бізді қолдай гөр! Біз Саған сенім артамыз, Сенің атыңмен осы қарақұрым тобырға қарсы аттанып шықтық. Уа, Жаратқан Ие, Сен біздің Құдайымызсың! Пенденің Өзіңнен басым болуына жол бере көрме!» Әрдайым Иеме тігемін көзімді,Жаудың торынан Ол босатады өзімді. (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)«Тауға көзді қадаймынҚайдан жәрдем келер деп. Көк пен жерді жаратқанҚұдай Ием маған жар». (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Назарымды Өзіңе аударамын,Уа, көкті мекендеуші Құдайым! Құлдың көзі қожайынының қолынан,Күңінің көзі ханымының қолынанТаймайтындай, біз де Иеміз ҚұдайданКөз алмаймыз рақым көргенше Одан. Тек Өзіңе қарай бағытталған көздерім,Жалғыз Өзіңнен ғана көмек күтемін,Уа, менің Жаратушы Тәңір Ием,Өзіңсің паналайтын берік қорғаным,Залымдардың қолында қалмасын жаным. Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды,Қажып, шаршағанға күш табыстайды. Жасөспірімдер әлсіреп шаршайды,Тіпті жігіттер де сүрініп құлайды, Ал сенім артқандар Жаратқан ИегеЖаңа күш-қуатты иемденеді де,Қырандай қанаттарын жайып кеңістіккеСамғай жөнеледі, алайда талмайды,Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.
Выбор основного перевода