Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Солтүстік Исраилге Ахаб патшалық құрған төртінші жылы Аса ұлы Жосапат Яһуда елінің патшасы болды. Сол кезде Жосапаттың жасы отыз бесте еді. Ол Иерусалимде жиырма бес жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні Сілхи қызы Азуба болатын. Жосапат барлық жағынан әкесі Асаның жолымен жүріп, одан еш таймай, Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеді. Алайда оның заманында биіктеу жерлердегі табыну орындары қиратылмай қала берді. Халық әлі де соларда құрбандықтар шалып өртеп, хош иісті заттарды түтетулерін жалғастырды.
Выбор основного перевода