Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Исраил халқына Менің, Жаратқан Иенің, Мұса арқылы тапсырған барлық ережелерімді үйретуің де қажет. Патша бұларға қоса Шемаях, Нетаниях, Забадиях, Асахил, Шемирамот, Ехонатан, Адониях, Тобиях, Тоб-Адониях есімді леуіліктерді де, Әлишама мен Жорам есімді діни қызметкерлерді де жолдады. Жіберілгендер Жаратқан Иенің Таурат заңының кітабын алып, Яһуда елінде солардан тәлім бере бастады. Осылайша олар бүкіл Яһуда елін аралап, халыққа Таураттағы ережелерді үйретіп шықты. Бүкіл Исраил халқына тәлім беріп келген, Жаратқан Иенің қызметіне бағышталып, тазару рәсімінен өткен леуіліктерге патша мына нұсқауларды берді: «Киелі Келісім сандығын Исраилдің патшасы Дәуіт ұлы Сүлеймен салған киелі үйде қалдырып, оны (ежелдегідей) иықтарыңда көтеріп алып жүрмейсіңдер ғой. Сондықтан Құдайларың Жаратқан Иеге және Оның халқы Исраилге былайша қызмет ете беріңдер: Бұл мына жайтты білдіреді: исраилдіктер ұзақ уақыт бойы өз патшасы мен әміршісінен ада болып, құрбандықсыз, бөтен тәңірге бағышталған тас бағанасыз, діни қызметкер киетін жеңсіз сырт киімсіз және жалған тәңірлердің бейнелерінсіз тұратын болады. Осылай Менің халқым Өзімді шынайы білмегендіктен құриды. Сендер осы білімді қажетсіз деп санағандықтан, Мен де енді сендерді діни қызметкерлерім болуға қажетсіз деп санаймын. Өздерің Құдайларыңның Таурат заңын естеріңнен шығарғандарың үшін Мен де енді сендердің балаларыңды жарылқауды есімнен шығарамын. Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Біліп қойыңдар! Мен не нанды аңсайтын аштықты, не суды аңсайтын шөлді де емес, Менің, Жаратқан Иенің, сөзін естуге деген аштық пен шөлді жіберетін уақытым келе жатыр!
Выбор основного перевода