Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Сондай-ақ, Аса патша тіпті өзінің әжесі Маханы «патшаның шешесі» деген құрметті атағынан айырды. Себебі Маха жалған тәңір Ашераға арналған ағаш бағананы жасатып, орнатқан еді. Патша сол жексұрын бағананы шауып құлатып, Қидрон сайында өртеп жіберді. Аса тек биіктеу жерлердегі табыну орындарын ғана құртпады. Әйтсе де бүкіл өмір бойы Аса Жаратқан Иеге шын жүректен берілген адам болды. Аса әкесінің және өзінің Құдайға бағыштаған заттарын: алтын-күміс пен басқа да құнды бұйымдарын Жаратқан Иенің киелі үйіне апарып қойды. Қайта, солардың құрбандық ұсынатын орындарын бұзып, қиратып, табынатын тас мүсіндерін талқандап, әйел тәңірлері Ашераға бағышталған ағаш бағаналарын шауып тастаңдар! Аса өзінің сиынатын Құдайы Жаратқан Иеге ұнамды ізгі де әділ істер істеді. Ол бөгде тәңірлерге арналған құрбандық орындарын және биіктеу жерлердегі табыну орындарын қиратып құртты. Солардағы тас бағаналарды сындырып, Ашераға бағышталған ағаш бағаналарды да шауып тастады. Патша, сондай-ақ, яһудалықтарға ата-бабаларының сиынған Құдайы — Жаратқан Иеге бет бұрып мойынсұну әрі Оның Таурат заңы мен өсиеттерін орындау жайлы да бұйырды. Аса Яһуданың күллі қалаларынан биіктеу жерлердегі табыну орындарын және хош иісті заттар түтетілетін үстелдерді құртып, алып тастады. Оның тұсында патшалық бір тыныш кезеңді өткізді. Осы бейбітшілік кезінде патша Яһуда елінде қамалды қалалар салды. Сол жылдары онымен ешкім соғысқан жоқ, себебі Жаратқан Ие оған тыныштық сыйлаған еді. Содан Жосапаттың патшалығындағы халық бейбіт өмір сүрді. Себебі Құдай оларды барлық жағынан қорғап, тыныштық сыйлады.
Выбор основного перевода