Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Жауларыңа қарсы соғысуға шығып, олардың аттары мен соғыс күймелерін көріп, әскерінің сендердікінен басым екенін байқасаңдар, олардан қорықпаңдар! Себебі өздеріңді Мысыр елінен алып шыққан Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді: «Міне, сенің көз жұмып, ата-бабаларыңа аттанатын уақытың жетті. Ал содан кейін бұл халық кіргелі тұрған елде азғындыққа салынып, сол елдің бөгде тәңірлерінің жолына түсетін болады. Осылай халық Менен бас тартып, олармен жасаған Келісімімді бұзады. Сонда қаһарым оларға жалындай лаулап, Мен олардан бас тартып, бет-жүзімді жасырамын. Олар қырғынға ұшырап, бастарына көптеген бақытсыздықтар мен ауыртпалықтар түседі. Сол күндері халық: «Осы бақытсыздықтардың басымызға түскені Құдайымыздың бізбен бірге жүріп, жар болмағандығынан емес пе?» деп сұрайтын болады. Ал сен, ұлым Сүлеймен, әкең сиынған Құдайды жақыннан танып-біл! Оған шын жүрегіңнен және бар жан дүниеңмен қызмет ет! Себебі Жаратқан Ие күллі адамдардың жүрегінің түкпір-түкпірлерін тексеріп, олардың барлық ой-ниеттерін түсінеді. Егер Оған бет бұрып сиынатын болсаң, Оны табасың. Ал егер Құдай Иеден бас тартып, елемей кетсең, онда Ол да сенен біржола бас тартады. Ал олар қиыншылыққа ұшырап, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге бет бұрып сиынғанда Оны тауып алды. Құдайдың Рухы Еходай ұлы Зәкәрия атты діни қызметкерге де қонды. Зәкәрия бүкіл халықтың алдына шығып, былай деді: «Құдай мынаны айтады: Сендер неге Жаратқан Иенің өсиеттерін бұза бересіңдер? Бұларыңмен табысқа жетпейсіңдер! Сендер Жаратқан Иеден бас тарттыңдар, енді Ол да сендерден бас тартатын болады!» Әлі кеш болмай тұрғанда Жаратқан Иеге бет бұрып, мойынсұныңдар! Иеміз құлақ салуға дайын тұрған осы кезде Оған сиынып жалбарыныңдар! Егер де Маған шын жүректен бет бұрып сиынып Мені іздесеңдер, табасыңдар. Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды. Ей, күнәкарлар, қолдарыңды жамандық атаулыдан жуып тазартыңдар! Ей, екіойлы табансыздар, жүректеріңді орнықтырыңдар!
Выбор основного перевода