Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар күш-қуатыңмен сүй! Бүкіл халық:— Біздер Құдайымыз Жаратқан Иеге қызмет ететін боламыз, Оның даусына құлақ асатын боламыз! — деп Ешуаға уәде берді. Сол күні Ешуа Сихемде халықпен Келісім жасап, оларды Жаратқан Иенің ережелері мен шешімдерін орындауға мәжбүрледі. Діни қызметкер Еходай халықпен және патшамен «Біз Жаратқан Иенің халқы боламыз» деген келісім жасасты. Ал енді, Аммон мен Моаб елдерінен және Сейір тауынан аттанып келген сол жасақшылардың не істеп жатқандарына назар аудара көрші! Ежелде Исраил халқы Мысырдан көшіп шыққанда Сен халқыңа сол ұлттардың жерлеріне басып кіруге тыйым салғансың. Халқың сырт айналып өтіп, соларды құртып жібермеді. аттары аталған өз ағайындарымыз — елдің жетекшілерімен бірігіп төмендегі антты беріп серттесеміз. Құдайымыздың Өзінің қызметшісі Мұса арқылы табыстаған Таурат заңына бағынып, Жаратушы Тәңір Иеміздің барлық өсиеттерін, шешімдерін және ережелерін сақтап, орындайтын боламыз. Осыларды орындамайтын әрбіреуімізді Құдайдың қарғысы атсын!
Выбор основного перевода