Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Аса Яһуда халқын осы іске жігерлендіріп былай деген болатын: «Сол қалаларды салып, оларды қабырғалармен әрі мұнаралармен қоршайық. Мықты бөренелермен бекітілген қақпалар да тұрғызайық! Біз Құдайымыз Жаратқан Иеге бет бұрып сиынып келеміз, сол себепті ел әлі де біздікі. Иә, Жаратқан Иеге бет бұрып, Оның еркін біліп, орындауға ұмтылып келеміз. Содан Ол бізге барлық жағымыздан тыныштық сыйлады!»Мұнан соң халық құрылысқа жаппай қатысып, табысқа жетті. Содан Азариях патшамен кездесу үшін жолға шықты да, оған тіл қатып былай деді: «Уа, Аса және бүкіл Яһуда мен Бунямин халқы, құлақ асыңдар! Сендер Құдаймен бірге жүргендеріңде Ол да сендермен бірге жүріп жар болады. Егер де Оған бет бұрып сиынып Оны іздесеңдер, таба аласыңдар. Бірақ Одан бас тартсаңдар, Ол да сендерден бас тартады.
Выбор основного перевода