Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
— Діни қызметкер май жағу рәсімі арқылы тағайындалған күні Һарон мен оның ұлдары (Маған) Жаратқан Иеге мына астық тартуын ұсынулары керек: пұттың оннан бір бөлігіндей мөлшердегі таңдаулы бидай ұнын. Бұл күн сайынғы астық тартуы болады. Оның жартысын олар таңертең, қалған жартысын кешке ұсынулары керек. Сол ұнды зәйтүн майымен жақсылап араластырып, жалпақ табада пісіріп, үзіп-үзіп астық тартуы ретінде Жаратқан Иеге ұсыну қажет. Бұл Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды сый-тарту болады. Леуіліктер мына қызметтерді де атқаратын: арнайы үстелге қойылатын нан тартуларын, астық тартуларына арналған таңдаулы ұнды дайындау, май жағылған ашымаған құймақтарды құю, табада нан пісіру, ұнға май қосып араластыру, құрбандықтар мен сый-тартулардың өлшемдері мен сандарын анықтау.
Выбор основного перевода