Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
— Жақсы, жүр, кеттік! — деп Саул келісті. Сонымен олар Құдайдың адамы тұратын қалаға жетті.Бұрын Исраилде біреу Құдайдан бір нәрсені сұрап білгісі келгенде: «Жүр, Тәңір Ие аян беретін көріпкелге барайық!» — дейтін. Себебі қазір «пайғамбар» делінгендер сол заманда «Тәңір Ие аян беретін көріпкел» деп аталатын. Қақпа күзетшілерінің топтары мыналар болды:Қорахтың ұрпақтарынан: Әбиясафтың немересі Қоренің ұлы Мешелемиях. Мешелемияхтың ұлдары: тұңғышы Зәкәрия, екіншісі Едияил, үшіншісі Забадиях, төртіншісі Ятниел, Қорах пен Мерариден тараған қақпа күзетшілерінің топтары осылар еді. Ғаден, Міниәмін, Ешуа, Шемаях, Әмариях пен Шеханиях оның қарауында болып, діни қызметкерлерге белгіленген қалалардағы леуіліктер мен діни қызметкерлерге тиесілі үлестерін топтары бойынша бөлуде Қореге адалдықпен көмектесіп жүрді. Оларды сол кісілердің жасына қарамай, үлкен-кішісіне тең етіп тарататын. Аты-жөндері шежірелерде тіркелген барлық леуіліктердің нәрестелері, әйелдері мен ұл-қыздарына да үлес тиетін болды. Бұл, леуіліктердің өздерін киелі үйде Құдайға қызмет етуге әрдайым адалдықпен бағыштап, тазару рәсімінен өтулері үшін істелді.
Выбор основного перевода