Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Діни қызметкерлерден: Жояриб ұлы Едаях, Яхин, Хелкия ұлы Сераях, оның шыққан ата-тегі мынау: Хелкия Мешуламнан, Мешулам Садықтан, Садық Мерайоттан, Мерайот Ахитұбтан. Сераях — Құдайдың киелі үйінің аға басқарушысы. Бұлардың киелі үйдегі міндеттерін атқаратын ағайындарының саны — сегіз жүз жиырма екі адам.Ерохам ұлы Адаях, оның шыққан ата-тегі мынау: Ерохам Пелалияхтан, Пелалиях Амсиден, Амси Зәкәриядан, Зәкәрия Пашхурдан, Пашхур Малқияхтан. Тағы да Адаяхтың ағайындары: олардың әрқайсысы — бір-бір әулеттің басшысы. Барлығы — екі жүз қырық екі адам.Азарил ұлы Амашсай, оның шыққан ата-тегі мынау: Азарил Ахзайдан, Ахзай Мешілемоттан, Мешілемот Имерден. Оның мықты да қабілетті ер азаматтар болып табылатын ағайындары — жүз жиырма сегіз адам. Олардың басқарушысы — Хагедолим ұлы Забдиел.
Выбор основного перевода