Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Мұны діни қызметкер Елазардың ұлы, Һаронның немересі Пінехес көрді. Ол жамағаттың ортасынан шықты да, қолына найзасын алды. Пінехес исраилдік ер адам мен сол әйелдің артынан шатырға кіріп, екеуіне де найзасын сұғып алды. Найза еркекті тесіп өтіп, әйелдің ішіне қадалды. Осылай Пінехес исраилдіктердің басына түскен індеттің бетін әрі қайырды. Ал індеттен қаза тапқандардың саны жиырма төрт мыңға жеткен еді. Сонда Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: «Діни қызметкер Елазардың ұлы, Һаронның немересі Пінехес Менің исраилдіктерге деген қаһарымды басты. Ол солардың арасында Менің абыройымды Өзім іспетті жан сала құлшына қорғады. Сол себепті Мен Исраил халқының бәрін бірдей қаһарыммен қырып тауысқан жоқпын. Сондықтан оған мынаны айт: Біліп қой, Мен сенімен амандық пен тыныштық туралы Келісімімді жасамақпын. Мен Елазардың өзін және одан кейінгі ұрпақтарын әрқашан діни қызметкер қыламын деп уәде беріп Келісімімді бекітемін. Себебі ол қызмет еткен Құдайының абыройын жан сала қорғап, Исраил халқын күнәларының арамдығынан тазартты». Ал Пінехес тұрып, зұлымдыққа қарсы шықты,Індеттің апаты осылайша тиылды.
Выбор основного перевода