Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Садықтан тараған бас діни қызметкер Азариях былай деп жауап берді: «Халық Жаратқан Иенің киелі үйіне сый-тартуларын алып келе бастағалы біз жейтін тамақтан таршылық көрген жоқпыз, тіпті қор жинауға да жететін болды. Жаратқан Ие Өзінің халқын молынан жарылқағандықтан азық-түлік қоры ағыл-тегіл!» — деді. Сонда Езекия Жаратқан Иенің ғибадатханасында қойма бөлмелерін дайындауға бұйрық беріп, онысы дереу орындалды. Осы қоймаларға сый-тартулар, өнімнің оннан бір бөлігі және Жаратқан Иеге бағышталған басқа да сый-тартулар түгелдей апарылып қойылды. Леуілік Қонаниях қойма меңгерушісі, ал інісі Шимей орынбасары болып тағайындалды. Езекия патша мен Құдайдың киелі үйінің басқарушысы Азарияхтың тапсыруымен Қонаниях пен інісі Шимейдің қол астында Ехиел, Азазиях, Нахат, Асахил, Еримот, Жозабад, Елиел, Исмақиях, Махат және Бенаях бақылаушылар ретінде қызмет ете бастады. Петір мен Жохан жиналған жұртқа әлі де сөйлеп тұрған кезде оларға діни қызметкерлер, ғибадатхана сақшыларының басшысы және өзге саддукейлер де келді.
Выбор основного перевода