Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Леуіліктер әр күн сайын таңертең және кеште киелі үйдің алдында тұрып, Жаратқан Иеге шүкірлік айтып, мадақтайтын ән-жыр айту қызметін де орындайтын. Олар сенбі күндері, әр айдың алғашқы күні және белгіленген мейрам күндері де Жаратқан Иеге арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарды дайындап, ұсынуға көмектесетін. Алдын ала белгіленген ережеге сай леуіліктердің тиісті саны әрдайым Жаратқан Иенің алдында қызмет етуге міндетті болды. Леуіліктер өздеріне рулас діни қызметкерлердің басшылығымен кездесу шатыры мен киелі үйді күзетіп қорғап, Жаратқан Иенің киелі үйіндегі міндеттерін осылайша атқарды.
Выбор основного перевода