Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Леуіліктерден: Азыриқамның немересі, Хашабияхтың шөбересі, Бунидің шөпшегі Хашуб ұлы Шемаях. Леуілік басшылардан: Шабтай мен Жозабад. Екеуі Құдайдың үйінің сыртқы жұмыстарын басқаруда. Забдидің немересі Асафтың шөбересі Миха ұлы Маттаниях — Құдайға мадақ пен шүкірлік айту және мінажат ету қызметінің жетекшісі. Ағайындарының арасынан оның орынбасары — Бақбұқиях. Тағы Ғалалдың немересі Едутунның шөбересі Шаммуа ұлы Абда да қызмет етуде. Қасиетті қалада тұратын леуіліктердің жалпы саны — екі жүз сексен төрт адам. Қақпашылар: Ақуб, Талмон және қақпа маңын күзететін тағы басқа ағайындарының жалпы саны: жүз жетпіс екі адам.
Выбор основного перевода