Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Бірақ Жаратқан Ие оған былай деді: «Сен оның бет-жүзіне, бойшаңдығына қарамай-ақ қой. Оны мақұл көрмеймін. Себебі Құдай пенденің көзімен қарамайды ғой.Пенде назарын адамның бет-жүзіне аударады,Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады». онда Сен көктегі тұрағыңнан құлақ сала гөр. Оларды кешіріп, әрқайсысына өзінің ой-ниеті мен істеріне қарай лайықтысын бере гөр. Әр адамның жүрегінде не бар екенін Сен ғана жақсы білесің ғой. Ал сендер Құдайымыз Жаратқан Иеге толықтай бағышталған болыңдар! Өздерің қазір істеп жүргендей, әрқашан да Оның ережелері бойынша жүріп, өсиеттерін ұстанатын болыңдар!» Сенің адам жүрегін тексеретініңді, ол адал болып шыққан кезде риза болатыныңды білемін, уа, Құдайым! Мен осы күллі заттарды Саған ерікті түрде шын жүректен бағыштадым. Өз халқыңның да Саған қуанышпен ерікті сый-тартулар жасағанын көріп отырмын. Уа, Жаратқан Ие, түп аталарымыз Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың сиынған Құдайы! Халқыңның Өзіңе қызмет етуге деген осы құлшынысын сақтай гөр, әрдайым жүректерін Саған адал күйінде қалдыра гөр. Ұлым Сүлейменге де Сенің өсиеттеріңді, ережелерің мен әмірлеріңді берік сақтайтын әрі орындайтын адал жүрек сыйлай гөр. Мен қажетті заттарын дайындап қойған мына ғимаратты тұрғызу үшін де оған адал ой-ниетті дарыта гөр». Содан Азариях патшамен кездесу үшін жолға шықты да, оған тіл қатып былай деді: «Уа, Аса және бүкіл Яһуда мен Бунямин халқы, құлақ асыңдар! Сендер Құдаймен бірге жүргендеріңде Ол да сендермен бірге жүріп жар болады. Егер де Оған бет бұрып сиынып Оны іздесеңдер, таба аласыңдар. Бірақ Одан бас тартсаңдар, Ол да сендерден бас тартады. Әділ Құдайым, жан дүниемізді сынайсың,Енді доғартсаңшы зұлымдардың сұмдығын,Әрі нығайтсаңшы әділдердің қорғанышын. Ал кім мақтанғысы келсе, тек Менің Жаратқан Ие екенімді және жер бетінде рақым, әділет пен әділдікті жүзеге асыратынымды біліп-түсінетінімен мақтансын! Себебі Мен осылардан рақат табамын. Мен, Жаратқан Ие, осылай деймін. Бірақ Сен, уа, Әлемнің Иесі, әрқашан әділ шешім шығарасың! Адамның жан дүниесі мен ой-санасында не барын тексеріп анықтайсың. Өзіңе жағдайымды сеніп тапсырдым. Енді оларға лайықты жазаларын тартқызғаныңды маған көрсете көрші! Мен, Жаратқан Ие, адамның жүрегіндегісін зерттеймін, оның жан дүниесін анық тексеремін. Содан әркімге жасаған қылығына, істеген істеріне қарай есесін қайтарамын. Уа, Әлемнің Иесі, Сен кімнің әділ екенін тексеріп сынайсың, адамның жүрегі мен ой-ниетін анық көресің. Оларға істегендеріне сай әділ жаза тартқызғаныңды көрсете көрші, себебі мен ісімді Саған сеніп тапсырдым. Егер де Маған шын жүректен бет бұрып сиынып Мені іздесеңдер, табасыңдар. Құдайдан сұраңдар, сонда ол сендерге (мұқтаждарыңды) береді; іздеңдер, сонда табасыңдар; есікті қағыңдар, сонда ол сендерге ашылады. Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды. Ей, күнәкарлар, қолдарыңды жамандық атаулыдан жуып тазартыңдар! Ей, екіойлы табансыздар, жүректеріңді орнықтырыңдар! Оның соңынан ергендерді өлтіріп құртамын. Сонда Менің әркімнің жүрегінің түкпір-түкпірін тексеретін Біреу екеніме барлық қауымдардың көздері жететін болады. Мен әрқайсыңның істеріңе қарай еселеріңді қайтаратын боламын.
Выбор основного перевода