Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Паралипоменон
Параллельные места
Яһуда, сені бауырларың мадақтайды!Қолың жауыңның желкесінен түспейді,Әкеңнің ұлдары саған бас иеді. Яһуда, сен жас арыстанға ұқсайсың!Ұлым, аң аулап, қайтып келе жатырсың:Ол еркек арыстан құсап қомданады,Күшігін қорғайтын ана арыстандай жатады;Оны мазалауға кімнің батылы барады? Қолынан патша таяғын еш тартып алмайды,Билік белгісі Яһуда әулетінде орнайды,Бейбітшілік Әкелуші келеді ақырында,Халықтар Оған мойынсұнып бағынады да! Мұнан кейін Жаратқан Ие Самуилге:— Сен Саул үшін қашанғы қайғыра бермексің? Мен оның Исраил патшасы болуынан бас тарттым. Бір құтыны хош иісті майға толтырып алып, бетлехемдік Есейге бар. Оның ұлдарының ішінен біреуін патша етуге таңдап алдым, — деп бұйырды. — Қалай барсам екен? Саул естісе, мені өлтіреді ғой! — деп сұрады Самуил. Жаратқан Иенің жауабы мынау болды:— Табыныңнан бір қашарды алып барып, «Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалуға келдім» дерсің. Құрбандық асқа Есейді шақыр. Не істеуің керек екенін саған білдіремін. Өзім айтқан адамға май жағу рәсімін жасайсың. Самуил Жаратқан Иенің бұйрығын орындап, Бетлехемге барды. Сонда қаланың ақсақалдары қатты абыржып, оның алдынан шығып:— Тыныштық па? — деп амандасты. Ол:— Тыныштық. Мен Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалу үшін келдім. Сендер Тәңір Иеге бағышталып, тазарыңдар! Содан кейін менімен бірге құрбандық асына жүріңдер, — деп тапсырды. Самуил Есей мен оның ұлдарын да тазару рәсімінен өткізіп, құрбандыққа шақырды. Бұлар келгенде, Самуилдің көзі (Есейдің тұңғышы) Елияпқа түсіп, «Сірә, Жаратқан Ие тағайындайтын патша осы шығар!» — деп ойлады. Бірақ Жаратқан Ие оған былай деді: «Сен оның бет-жүзіне, бойшаңдығына қарамай-ақ қой. Оны мақұл көрмеймін. Себебі Құдай пенденің көзімен қарамайды ғой.Пенде назарын адамның бет-жүзіне аударады,Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады». Сонда Есей (екінші баласы) Әбінадапты шақырып, Самуилдің алдына алып келді. Бірақ Самуил: «Мұны да Жаратқан Ие таңдаған жоқ», — деді. Есей Шаммахты алға шығарғанда, Самуил: «Жаратқан Ие мұны да таңдап алған жоқ», — деп қайталады. Осылай Есей өзінің жеті ұлын да Самуилдің алдынан өткізді. Бірақ ол: «Жаратқан Ие бұлардың ешқайсысын таңдаған жоқ», — дей берді. Ақырында Самуил Есейден:— Барлық ұлдарың осылар ма? — деп сұрады.— Тағы бір кенже ұлым бар. Ол қой-ешкі бағып жүр.— Кісі жіберіп, оны алдыртшы! Сол келмейінше құрбандық асына отырмаймыз, — деп тапсырды Самуил. Есей кісі жіберіп, ұлын алдыртты. Ол беті албырап, көздері жайнап тұрған, келбетті жігіт екен. Жаратқан Ие Самуилге: «Тұр, бұл — сол. Оған май жағу рәсімін жаса!» — деп бұйырды. Самуил алып келген құтысын қолға алып, Дәуітке ағаларының көзінше май жағу рәсімін орындады. Сол күннен бастап Жаратқан Иенің Рухы Дәуітке қонды. Мұнан кейін Самуил Рамаққа қайтып кетті. Исраилдің он екі ұлының ішіндегі ең күштісі Яһуда болды, әрі сол рудан халықтың көсемі Дәуіт шықты. Бірақ тұңғыштық жол Жүсіптікі. Ал енді, о, Жаратқан Ием, өз қызметшің мен оның әулеті туралы берген сөзіңді ұдайы бекітіп, уәдеңді орындайтын бола гөр. Сонымен енді пендеңнің әулетін өз алдыңда әрқашан жалғаса берсін деп жарылқауды құп көрдің. Өйткені Өзің, уа, Жаратқан Ие, жарылқағандықтан, осы әулет ұдайы жарылқанатын болады. Орнына таңдап алды Яһуда руын,Әрі Өзі қатты ұнатқан Сион тауын, Қызметшісі етіп Дәуітті таңдады,Қой отарынан Құдай оны шақырды, Саулық бағып жүрген жерінен алдырды,Жақыптың ұрпақтарын оған бақтырды,Меншікті Исраил халқын қамқорлатты.
Выбор основного перевода